Цена: |
1 150 ₸
|
---|---|
Рейтинг: |
![]() |
Категория: | Дерматологические средства » Антисептические и дезинфицирующие препараты | Дерматологические средства » Антисептические и дезинфицирующие препараты | Стоматологические средства |
Производитель: |
Эйкос Фарм (Казахстан) |
МНН: |
Нитрофурал* |
Наличие: | Есть в наличии |
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» РММ төрағасының 2022 ж. «29» желтоқсан № N059341 бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН |
| |
|
Дәрілік препаратты медициналық қолдану
жөніндегі нұсқаулық (Қосымша парақ)
Саудалық атауы
Фурацилин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Нитрофурал
Дәрілік түрі, дозасы
Таблеткалар, 0.02 г
Фармакотерапиялық тобы
Дерматология. Антисептиктер және дезинфекциялайтын дәрілер. Нитрофуран туындылары. Нитрофурал.
АТХ коды D08AF01
Қолданылуы
- жергілікті: баспа, стоматит, гингивит, мұрынның қосалқы қойнауларының және плевраның іріңді-қабыну процестері, блефарит, конъюнктивит, остеомиелит, сыртқы құлақ жолының фурункулезі, жедел сыртқы және ортаңғы отит.
- сыртқа: іріңді жаралар, ойылулар, ойық жаралар, II және III дәрежедегі күйіктер, терінің ұсақ зақымдануы (соның ішінде сырылу, тырналу, сызаттар, кесілу).
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- нитрофуралға, нитрофуран туындыларына және/немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
- аллергодерматоз
- қан кету
- бүйрек функциясының айқын бұзылуы
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Анықталмады.
Арнайы ескертулер
Препаратты ауқымды беткейлері ауыр күйік шалған пациенттерде қолдану: бүйрек функциясының бұзылуы кезінде бүйрек жеткіліксіздігінің өршуі мүмкін (уремия, су-электролит теңгерімінің бұзылуы, метаболизмдік ацидоз).
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік және лактация кезінде қолдануға болады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Сыртқа фурацилин сулы 0,02% (1:5000) ерітіндісі және спиртті 0,066% (1:1500) ерітіндісі түрінде қолданылады.
Сулы ерітіндіні дайындау үшін фурацилиннің 1 таблеткасын 100 мл дистилденген суда немесе жылы қайнаған суда ерітеді.
Спиртті ерітіндіні дайындау үшін фурацилиннің 1 таблеткасын 100 мл 70% этил спиртінде ерітеді.
Енгізу жолы мен тәсілі
- іріңді жараларда, ойылуларда және ойық жараларда, II және III дәрежедегі күйіктерде, түйіршікті беткейдегі теріні ауыстырып салуға және екіншілік тігіске дайындау үшін жараны фурацилиннің сулы ерітіндісімен сулайды және дымқыл таңғыштар тағады
- остеомиелит кезінде операциядан кейін қуысты фурацилиннің сулы ерітіндісімен жуып, дымқыл таңғышты тағады
- плевра эмпиемаларында іріңді сорып, плевралық қуысты жуады, артынан қуысқа 20 - 100 мл фурацилиннің сулы ерітіндісін енгізеді
- созылмалы іріңді отит, сыртқы есту жолының фурункулы кезінде - дене температурасына дейін қыздырылған спиртті ерітінді күн сайын сыртқы есту жолына 5-6 тамшыдан тамызылады
- жоғарғы жақ (гаймор) және басқа мұрын маңындағы қойнауларды жуу үшін фурацилиннің сулы ерітіндісі қолданылады
- конъюнктивит және блефарит кезінде конъюнктивалық қапшыққа фурацилиннің сулы ерітіндісін пайдаланады
- баспа, стоматит және гингивит кезінде препараттың сулы ерітіндісімен шаю тағайындалады.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы – зақымданған аймақтың сипаты мен орналасуына байланысты көрсетілімдер бойынша.
Егер симптомдар сақталса, дәрігермен кеңесу қажет.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар
Анықталған жоқ.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Бүкіл қосымша парақты мұқият оқып шығыңыз. Егер сізге дәрілік препаратты қолдану тәсілі түсініксіз болған жағдайда, кеңес алу үшін медицина қызметкеріне жүгінуді ұсынамыз.
ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар (қажет болғанда)
Жиілігі белгісіз
- аллергиялық реакциялар: терінің қышуы, дерматит.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
немесе
«Эйкос-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Нүсіпбеков к-сі, 32
Тел: + 7 (727) 329 66 07, + 7 (727) 397 64 29, +7 (727) 397 64 14
факс: + 7 (727) 250 71 78
Электронды пошта: pharm@eikos.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – фурацилин - 0,02 г,
қосымша зат – натрий хлориді.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, сызығы бар, сары немесе жасылдау сары түсті, беткейі сәл біркелкі емес боялған таблеткалар.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан екі жағынан полимерлі жабындысы бар қаптамалық қағаздан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада. 250 пішінді ұяшықсыз қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге картон қорапқа (топтық қаптама) салынады.
10 таблеткадан екі жағынан полимерлі жабындысы бар қаптамалық қағаздан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада. 10 пішінді ұяшықсыз қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады. 24 картон қорапшадан картон қорапқа (топтық қаптама) салынады.
10 таблеткадан полиэтилен үлбірі бар алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада. Полиэтилен үлбірі бар алюминий фольгадан жасалған 200 пішінді ұяшықсыз қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге картон қорапқа (топтық қаптама) салынады.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәлімет
«Эйкос-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округі, 71 разъезд станциясы, М. Кенжин көшесі, 4/1 телім
Тел: + 7 (727) 329 66 07, + 7 (727) 397 64 29, +7 (727) 397 64 14
факс: + 7 (727) 250 71 78
Электронды пошта: pharm@eikos.kz
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Эйкос-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Іле ауданы, Энергетический а.о., Өтеген батыр а., Титов көшесі, №8 үй, 2
Тел: + 7 (727) 329 66 07, + 7 (727) 397 64 29, +7 (727) 397 64 14
факс: + 7 (727) 250 71 78
Электронды пошта: pharm@eikos.kz
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Эйкос-Фарм» ЖШС
Кеңсе мекенжайы: Қазахстан Республикасы, Алматы қ., Нүсіпбеков к-сі, 32
тел: + 7 (727) 329 66 07, + 7 (727) 397 64 29, +7 (727) 397 64 14
факс: + 7 (727) 250 71 78,
e-mail: pharm@eikos.kz
Шешімі: N059341
Шешім тіркелген күні: 29.12.2022
Мемлекеттік орган басшысының (немесе уәкілетті тұлғаның) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): Кашкымбаева Л. Р.
(Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті)
Осы құжат «Электронды құжат және электрондық цифрлы қол қою жөнінде» 2003 жылғы 7 қаңтардағы ҚРЗ 7-бабы 1-тармағына сәйкес қағаз түріндегі құжатқа тең
Интернет-магазин:
8 800-080-78-78 - бесплатно по Казахстану
Караганда: 8 800-080-78-78
Нур-Султан (Астана): 8 800-080-78-78
Алматы: 8 800-080-78-78
Павлодар: 8 800-080-78-78
Шымкент: 8 800-080-78-78
Актобе: 8 800-080-78-78
Уральск: 8 800-080-78-78